Түркістан облысында есірткі өсірумен айналысқан екі ағайынды ұсталды. Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұған «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қол жеткізген. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер, күдіктілердің бірінің үйінен «сораға» ұқсас құрамында есірткі заты бар өсімдіктің 1300 түбін анықтап, тәркіледі. Әрі қарай жедел уәкілдер, оның інісінің үйін тінту кезінде, есірткіге ұқсас тағы 59 түпті тәркіледі. Жалпы салмағы 55 келіден асатын заттай дәлелдемелер түгел сараптамаға жіберілді. Күдіктілер қамауға алынды.