Маса маза бермесе масахана таптырмыс дүние. Жаз ыстығы келгелі Түркістан облысында масахана саудасы қыза түскен. Тұрғындар төсек жабдығының тек материалы мен өлшеміне ғана емес, сондай-ақ түр-түсіне де ерекше мән беретін көрінеді. Ұйқыңызды қорғайтын жабдықтың құны қанша? Масахананы қалай таңдау қажет? Тілшіміз Нұрдәулет Сыздық сауалдарға жауап іздеп көрді.