Дәл қазір Түркістан облысының бірқатар ауылдарында көкөністер мен жеміс-жидектердің уылжып пісіп, жан-жараққа тарап жатқан кезі. Аптап ыстықта оларды сақтау мен тасымалдау екі есе қиын. Себебі үзіп алынған жеміс не көкеніс тез бұзылады. Осыған орай қазір оның өңірлердегі бағасы қалай? Шарықтап кетті ме, әлде керісінше тез өткізу үшін арзандады ма? Тақырыпты оңтүстік өңірді ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ететін Жетісай ауданына барып, мән-жайды біліп қайтқан тілшіміз тарқатсын.