Түркістан
EN

Түркістан облысында ірі жол-көлік апатынан көз жұмғандар саны 10 адамға жетті

256
17.07.2023

Түркістан облысында ірі жол-көлік апатынан 10 адам қаза тапты. 3 автокөліктің қатысуымен болған қайғылы жағдай облыстық маңызы бар «Екпінді-Созақ» тасжолында болған. Қазір 12 адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Полиция департаментінің алдын-ала болжамы бойынша, «Nissan» маркалы автокөлікті тізгіндегін жүргізуші белгісіз себептермен жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Полиция қызметкерлері апатқа қатысты қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.