Түркістан
EN

105 елді мекен ауызсумен қамтылды

165
15.07.2023

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы 112 елді мекеннің 105-і жыл соңына дейін орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады. Тіршілік нәрі жетпей жатқан 7 елді мекен экономикалық тұрғыдан тиімсіз, яғни шалғайда орналасқан. Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту үшін бүгінде өңірде  83  ауыз су ұңғысы, 85 су мұнарасы, 24 су сақтағыш санитарлық қорғау аймақтары жұмыс істеп тұр. Бұл туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов жергілікті БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. Жауапты бөлім басшысы одан бөлек биыл қайта жаңғыратын ауыз су желілеріне тоқталды.