Еліміздегі ақылы жолдардың құны 20 пайызға қымбаттауы мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі дайындаған жаңа тарифтер бұйрығы бойынша 11 ақылы трассада баға өседі. Мәселен, Шымкент – Қызылорда тасжолы бағытындағы ақылы жолда жеңіл көліктер үшін 527 теңге, ал автобустар мен жүк көліктерінің жүргізушілері 2627 теңгеден 13 260 теңгеге дейін ақы төлейді. Шымкент – Тараз арасындағы трассада жүру үшін жеңіл көліктерге 108, жүк көліктеріне 516 және 2628 теңге бекітіледі. Сондай-ақ, Шымкент және Өзбекстан шекарасы аралығындағы тас жол үшін жеңіл көліктерге 108 теңге, жүк көліктеріне 504-2520 теңге төленеді деп көзделген. Яғни, бұдан бөлек барлық ақылы жолдар үшін де төлем құны өседі. Ал ол айлық есептік көрсеткішпен есептеледі. Сондай-ақ айлық абонемент құны да автобустар мен жүк көліктері үшін 6900 теңгеден 34 500 теңгеге дейін көтеріледі. Жылдық абонемент жеңіл автокөліктерге 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 3450 теңге болмақ.