Бүгін ҚР Ғылым және Жоғарғы білім вице- министрі Түркістан облысына келді. Талғат Ешенқұлов ел жұртшылығына есеп беру барысында осыған дейін атқарылған жұмыстарды атап өтті. Әңгіме барысында сондай-ақ жоғарғы оқу орындарындағы олқылықтар да айтылды. Атап айтқанда, вице-министр өңірлік университеттердің мәселесін тілге тиек етіп, олардың дұрыс дамымай жатқанына қаржының қолбайлау болып отырғанын жеткізді. Ел арасында «өңірлік университеттердің дипломы жарамсыз» - деген сөз осыдан келіп шығады. Білікті мамандарды өңірде алып қалуға тырысу керек, - деді ол.