Шымкентте күн барған сайын ысып, тұрғындарды әбігерге салып жатыр. Осының салдарынан тіпті ауруханаға түсіп жатқандар да бар. Басынан күн өткен науқастардың қан қысымы көтеріліп, жүрегі қысылуда. Кеңседе отыратын қызметкерлер желдеткішті үздіксіз қосып амалдаса, күні бойы ашық аспан астында зыр жүгіріп жүретін курьерлер, жасыл желек баптайтын бағбандар қандай халде? Толығырақ тілшіміз тарқатады.