Түркістанда аламан айтыс өтіп жатыр. Сөз бәйгесі рухани астананың облыс орталығына айналғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Түркістандық тұрғындар да айтысты сағынып қалғандай. Қыз-қыз қайнаған күннің ыстығына қарамастан, зал лық толы. Айтыстың шымылдығын Аян Ниязбек пен Көкшетаулық Нұрмахан Жақыпбек түрді. Сонан соң сахна шырайын баянмен айтысқан Дәурен Ысқақ пен ақжайықтың аруы әзіл-қалжыңмен кіргізді. Нәтижесінде кілең ондықпен Жансая Мусина алға шықты.