Түркістанда БИЛ ашылды

796
13.07.2023 15:11

Түркістанда білім-инновация лицейі ашылады. 700 оқушыға арналған білім ордасының құрылысы аяқталуға жақын. 500 балаға арналған жатақханасы да бар. Енді жаңа оқу жылынан бастап онда 7-11 сынып оқушылары білім алады. Ерекшелігі - мұнда ұлдар мен  қыздар  бөлек оқиды. Биылдың өзінде 2090 бала  лицейде оқуға ниет білдірген. Оның 200-ден астамы мектепке қабылданды.  Одан бөлек, бүгінге дейін Кентау қаласындағы лицейде оқыған ер балалар да осы ғимаратқа ауысады.