Түркістан
EN

Ерекше кірпіш шығарылып жатыр

158
13.07.2023

Бәйдібек, Сарыағаш аудандары мен Арыс қаласының жерасты табиғи минералдарға бай. Аймақтан өндірілетін шикізаттан құрылысқа қажетті сапалы өнімдер әзірленуде. Оларды «Бесқұдық тас» ЖШС өз пайдасына жаратуда. Өндіріс орнында жылына 25 млн дана кірпіш, 1 млн 500 шаршы метр қасбетті қаптауға арналған тақтайша өндіретін зауыт бар. Кәсіпорын өнімі көршілес Ресей мен Өзбекстанда зор сұранысқа ие. Себебі құрылыс материалдарын жасауға арналған шикізат құрамында теңіз жәндіктері және маржандар кездесетін көрінеді. Зауыттың ерекшелігі жайында толығырақ тілші  Нұрдәулет Сыздық баяндасын.