Түркістан
EN

Төленбеген 40 айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

69
12.07.2023

Түркістандық полицейлер 40 айыппұлы бар көлік иесін құрықтады. Тексеру барысында оның бір басында 530 мың теңден астам берешегі бары анықталған. Тәртіп бұзушыға жазылған айыптың көбі жылдамдықты асыруға байланысты. Ол аз болса, сот орындаушысының қаулысы бойынша  2 миллион теңгеден астам берешегі де бар екені анықталған. Өз кезегінде тәртіп сақшылары көлік құралдарының жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырады.