Түркістан
EN

Әке жолын жалғаған жас дендролог

93
12.07.2023

Жыл өткен сайын Түркістан шаһарының аумағы ұлғайып, жасыл желегі де жайқалып өсіп келеді. Бүгінде қаладағы Қожа Ахмет Яссауи университетінің ботаникалық бағы түрлі өсімдіктердің лабароториясына айналып үлгерген. Түрленген Түркістанның көркін аша түсіп, оның гүлденуіне еңбек сіңіріп жүргендердің біршамасы осында қызмет етеді. Әріптесім Бақтыкерей Оразхан баққа арнайы барып, қызметкерлердің жұмысымен танысып қайтты.