ХХ ғасырдың ортасында шамамен 100 мыңнан астам Польша азаматы қазақ жеріне күштеп көшірілген. Солардың бір бөлігі осы біздің Түркістан облысына да келсе керек. Бүгінде өңірімізге солардың жаны мәңгілік тыныс тапқан зиратын іздеп поляк зерттеушісі Януш Кобрынь келді. Ол тарихтың қатпарлы беттерін ақтарып, олар туралы әлі архивке енбеген тың мәліметтер іздеп жүр. Мыңдаған шақырымды артқа тастап Түркістан жеріне келген тарихшы қандай дерекке қол жеткізді? Тақырыпты тілшіміз Бақдәулет Анарбай зерттеп көрді. Сюжет тамашалайық.