Түркістан
EN

120 шекарашы сарбаз Түркістанға келді

132
12.07.2023

Енді жас сарбаздар өзі туған өңірлерінде қызмет етеді. Бұл бастаманы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Алдажұманов көтерген еді. Осыған орай, Шығыс Қазақстаннан Түркістан облысында әскери қызметін жалғастыруға 120-дан астам сарбаз келді. Олар Мақаншы және Күршім ауданы бойынша шекара басқармаларындағы оқу орталықтарының толық курсын аяқтаған. Басым көпшілігі Түркістан облысының тумасы. Оларға Сарыағаш ауданының шекара басқармасы арнайы ашық есік күнін ұйымдастырды. Шараға сарбаздардың ата-аналары мен туыстары қатысты. Одан бөлек, жаңа қызметке кіріскелі отырған жастарға психологтар сұрақ-қойып, түрлі тренингтер өткізді.