Түркістан облысында нағыз шіліңгір шілде басталды. Алдағы 2-3 күнде де жауын-шашынсыз аптап ыстық күтілуде. Одан бөлек, өңірдің солтүстігінде шаңды дауыл тұрады, - дейді синоптиктер. Ал, бүгінгі күн райы туралы түркістандықтардың өзі не дейді? Тұрғындар күннен қалай қорғанады? Келесі бейнематериалдан бірге көрейік.