Түркістан
EN

Ең биік көпқабатты екі үй бітуге таяу

98
11.07.2023

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы ең биік екі нысанның құрылыс барысымен танысты. Өңір басшысы алдымен паркингі бар 20 қабатты тұрғын үйде болды.  Ол үйдің құрылысы 2021 жылы басталған. Осы жылы тамыз айында аяқталады деп көзделіп отыр. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының  80%-ы аяқталған. Одан кейін облыс әкімі әкімшілік ғимараты бар 20 қабатты тұрғын үйдің құрылыс барысын көрді.  Жалпы құрылыстың  ауданы – 14 127,75 шаршы метр. Бүгінгі таңда бұл ғимараттың құрылыс-монтаж жұмыстарының 70%-ы аяқталған. Өңір басшысы қос мердігерге де жұмысты ширатуды және жылдамдатуды тапсырды.