Түркістан облысында жыл басынан бері 1000-ға жуық адамды кене шаққан. Конго-қырым геморрагиялық қызбасына 48 науқас күдікті ретінде тіркелген. Нәтижесінде, 9 тұрғынның 9 науқастың диагнозы расталып, 15 жастағы жасөспірім ажал құшқан. Мал шаруашылығы жақсы дамыған біздің аймақта мұндай қауіп жиі кездеседі. Ал, мамыр-тамыз айлары - қауіпті инфекцияның нағыз өршіген кезі. Осыған байланысты өңірдегі қора-жайларды залалсызданрдыру жұмыстарының екінші маусымы басталды.