Қазгидромет синоптиктерінің мәлімдеуінше, Түркістан облысында алдағы 2-3 күнде аптап ыстық күтіледі. Ал, бүгін өңірдегі ауы температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі. Одан бөлек, өңірдің солтүстігінде шаңды дауыл тұрып, таулы аудандарында желдің күші 20 м/с дейін жетеді. Сондықтан мамандар егде жастағы адамдар, нәрестелер және ашық ауада жұмыс істейтін жұмысшылар мен созылмалы аурулары бар тұрғындарға мүмкіндігінше ыстықтан қорғануға кеңес береді.