«Өзекті мәселелерге жедел әрекет ету керек». Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысында осылай деді. Облыс басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал, конго-қырым қызбасының алдын алу шаралары және шаруаларды ағын сумен қамтамасыз ету сынды маңызды мәселелер талқыланды.