Түркістан
EN

«ҚАПШАҒАЙ» cу қоймасы жөнделуде

203
10.07.2023

Бәйдібек ауданындағы «Қапшағай» су қоймасы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Маңызды стратегиялық нысанның қазіргі жағдайымен Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібекұлы арнайы танысты. Жөндеу жұмыстарының барысы қазір қалай жүріп жатыр? Толығырақ тілші баяндасын. Қырық жыл бұрын салынған су қойманың бүгінде бөгеті биіктетілуде. Құрылыс басындағы ауыр техникалар күндіз-түні тынбай еңбек етіп жатыр. Су қойманың ең терең жері – 23,6 метрге дейін жетеді. Ал, бөгеттің ұзындығы 2 шақырымға жуық.

БАҚДӘУЛЕТ АНАРБАЙ ТІЛШІ

  «Қапшағай» су қоймасында қазір 5млн. текше метр су бар. Оның маңындағы Қазата ауылындағы 120 отбасы осы суды тіршілік нәрі ретінде пайдаланып отыр. Көктемнің алғашқы айларында мұндағы су көлемі 45-50 млн. текше метрге дейін жетеді. Егер күрделі жөндеу жұмыстары ертерек аяқталса бұл шаруашылықпен айналысатын дихандар үшін үлкен септігін тигізбек. Су қойманың жөнделу барысымен Парламент Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібекұлы арнайы танысты. Осы істің басы-қасында жүрген мамандар жөндеу барысында кездескен кейбір кедергілерді баяндады. Қазір су қойманың бөгеті қауіпсіздік мақсатында қоршалып жатыр. Жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс нысанның құрылысына қаржылай және техникалық көмек қажет болып тұр.

МҰРАТ НҰРЫМБЕТОВ «ҚАЗСУШАР» РМК БӘЙДІБЕК АУДАНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

  Ең негізгі істелінетін нәрсе – су жіберу құрылғысы. Осының бәрі түгел жөнделу керек. Су кетпес үшін сырты да, іші де түгел тазаланып, су өтпейтін мостикалармен сыланады. Мұның ар жағында су жіберетін 4 затвор бар. Ол да ауыстырылады. Оған баратын электричествоның барлығы толық ауыстырылады. Мынаның бәрі алынып тасталынып, қайтадан жасалады. Айта кетейік, су қоймасы 40 жыл ішінде бірде-бір рет жөндеу көрмепті. Сондай-ақ бұған дейін ауыл жұртының төрт түлігі суға батып кетіп, жұртты сарсаңға салған. Енді қоршау құрылысы бітсе, бұл мәселе оңтайлы шешімін таппақ. Интершум: 1906, 1940