Түркістан
EN

Министр ЖЭС жағдайымен танысты

97
10.07.2023

Сала мамандарының техникалық зерттеулерінің нәтижесінде еліміздегі ең ескі жылу электр орталықтары анықталды. Оның ішінде Кентау қаласындағы жылу энергетика орталығы үштікті аяқтап тұр. 70-жыл бұрын орнатылған негізгі жабдықтар 30 бойы жөндеу көрмеген. Соның салдарынан мұндағы қазандықдықтардың әбден тозығы жетіп, 92 пайызға ескіріп тұр. Қыс түссе тұрғындар пәтерлерін жылыта алмай, әуре болады. Осыған орай энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Кентауға арнайы келді. Министр тозығы жеткен ғимаратты аралап, жай-күйімен танысты. Орталықта 8 қазандық бар. Мердігер мекемемен келісім жасалып, қайта жабдықтау жұмыстары басталған. Жауаптылардың айтуынша, енді су айдайтын 4 станцияның қуаттылығы күшейтіліп, төрт қазандық күрделі жөндеуден өтеді. Осылайша орталық келер жылы толық қайта қалпына келтірілмек. Ол үшін мемлекеттен 14 млрд.теңгеге жуық қаржы бөлінген.

ҚУАНЫШ ЫСҚАҚОВ -  КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Жылу электр орталығында 400-ге жуық адам жұмыс істейді. Олардың орташа жалақысы 166 мың теңге. Алайда, министр еңбекақы мөлшері тым аз екенін айтып, мамандардың айлығын көтеруге баса назар аударуды тапсырды. Кентаудағы жылу энергетика орталығы 15 мың абонентті жылумен қамтамасыз етіп отыр. Оның 350-ге жуығы көпқабатты пәтерлер болса, 2295-і жеке тұрғын үй. Энергетика министрі халық қақаған қыста жылусыз қалмау үшін әзірден қамдану қажеттігін баса айтты.