Астана күнінде елімізде 1000-ға жуық сәби дүниеге келді. Оның 505-і қыз болса, 495-і ұл. Олардың қатарында 8 жұп егіз де бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа туған нәрестелер саны бойынша Түркістан облысы рекорд орнатқан. Өңірде мереке күні 146 бөбек дүниеге келді. Алматы қаласы тізімде 91 баламен екінші орынға тұрақтаса, Шымкентте 76 сәби дүние есігін ашты. Ал егіздер саны бойынша Ақтөбе алда, онда қатарынан екі егіз бала дүниеге келген.