Түркістан
EN

Жасөспірімнің басына оқ тиді

107
10.07.2023

Қазығұрт ауданында жасөспірімнің басына абайсызда оқ тиіп, қайтыс болды. Оқиға 8-шілде күні егіс алқабында болған. Жүзім бағына құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген. Күдіктінің сарыағаштық тұрғын екені белгілі болып, бірден полиция бөліміне жеткізілген. Бүгінде  оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ГҮЛНАР АБДУЖАППАРОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

  «Аталған факті бойынша қр қк-нің 104-бабы 1-бөлігі «абайсызда қазаға ұшырату» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келді. Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды»,