Түркістан
EN

Еуразиялық кәсіподақтар форумы

76
10.07.2023

Бүгін түркі әлемінің астанасы - Түркістан қаласында UAESEB-тің кезекті XV Еуразиялық форумы өтті. Форумға түркі әлемінің 10 елінің 32 білім кәсіподағының өкілдері қатысты. Құрылтайдың негізгі мақсаты – түркі елдері арасында білім саласындағы мәселелерді талқылау. Қатысушы өкілдер биыл бір жыл бойына білім саласында жасалған шараларды баяндап, тәжірбие алмасып, қарар қабылдайды. ЮАСЕБ 2006 жылы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан өкілдерінің ұсынысы бойынша ашылған. Штаб пәтері Анталияда орналасқан. Жиын барсында Türk-Eğitim sen кәсіподағының төрағасы Талип Гейлан ақпан айында орын алған жер сілкінісі кезінде кәсіподақ өкілдерінің салалық қолдауына алғыс білдірді.

АЙГҮЛ МҰҚАШЕВА - САЛАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ