Түркістанда 44 жастағы келіншек кран тізгіндеп жүр. Сол арқылы ол рухани шаһардың өсіп-өркендеуіне, зәулім ғимараттардың бой көтеруіне үлес қосуда. Күн сайын жерден қаншама метр биікте тұрған техникаға өрмелеп мінетін краншы келіншектің жұмысымен әріптесім Бақтыгерей Оразхан танысып қайтты.