Ордабасы ауданына қарасты Сарыарық ауылы маңындағы үңгірден бірнеше көне жәдігер табылды. Әсіресе, археологтарды 2 мың жыл бұрынғы шиыршық үлгісінде әзірленген алтын сырға қатты таңқалдырды. Сол күйі сақталған сырғамен бірге Қаңлы мемлекетіне тиесілі басқа да құнды артефактілер табылды. 20 ғасыр бұрынғы алтын әшекей жайлы толығырақ тілші материалында.