Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында мектеп салу мәселесіне жеке кәсіпкерлерді қатыстыру жайын тапсырған болатын. Осыған орай жергілікті билік өкілдері білім беру ұйымдарының құрылысын салуға инвестор тарту жұмыстарын қолға алып жатыр. Осындай жұмыс Арыс қаласында да жүзеге асуда. Қалаға қарасты Онтам елді мекеніне мемлекет пен жекеменшік әріптестік негізінде 150 орындық мектеп салынатын болды.