Түркістан
EN

Түркістан – түркі елдерінің туризм астанасы атанбақ

282
04.07.2023

 Түркістан қаласы 2024 жылы Түркі елдерінің туризм астанасы болуы МҮМКІН. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Медеуов мәлімдеді. СНХ:ОТВ: Сонымен қатар брифингте Түркістан облысының туристік әлеуетін халықаралық туристік нарықтарға таныту мақсатындағы шаралар хақында сөз болды. Осы мақсатта британдық  BBC телеарнасы мен ақпараттық порталында өңірді жарнамалау жоспарланып отыр. Дәлірек айтқанда, Еуропа, Таяу Шығыс және Орталық Азия елдерінде BBC World News халықаралық телеарнасының эфирінде 30 секундтық бейнеролик көрсетілімі жоспарланған. Сондай ақ, BBC ақпараттық порталында жарнамалық баннер жарияланып, кемінде 300 000 адам көреді деп жоспарланып отыр.