«Былтырғы кемшіліктер қайталанбауы тиіс. Жылыту маусымына дайындық пен жылыжайларды көмірмен қамту мәселесін қатаң бақылауда ұстау керек». Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жылыту маусымына дайындық барысын талқылаған аппарат жиналысында жауаптыларға осылай деді. Өңір басшысы қажетті қатты отын қорын толықтырып, дайындық жұмыстарын пысықтауды тапсырды.