Түркістан телеарнасының төл туындысы «Жаңа қадам» реалити шоуы өз жұмысын бастады. Жоба Оңтүстіктен Теріскейге қоныс аударушы қос отбасының алдағы бір айдағы өмірін көпшілікке паш етпек. Күні кеше Келес пен Төле би ауданынан көшкен 12 жан Ақжар ауданы Қарашілік ауылына табан тіреді. Жаңа көршілерін ауыл халқы қалай қарсы алды? Оңтүстіктен келгендерді таң қалдырған қандай жағдай? Жиһанкез тілшіміз Алтынбек Әмиттің бейнесюжетінен біліңіздер.