Астана қаласында Түркістан музыкалық драма театрының гастрольдік сапары басталды. Мерекелік сапар елорданың 25 жылдығына және Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Жастар театрында «Фариза» спектаклін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, белгілі жазушы-драматург Роза Мұқанова бастаған зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады. Айта кетейік, театр ашылғанына көп уақыт өтпесе де, бірнеше тарихи драмаларды жоғары деңгейде сахналап үлгерді. Сапалы дайындалған спектакльдер бірнеше байқаулардың бас жүлделерін иеленді. Соның бірі Дулат Исабековтың “БӨРТЕ” спектаклі - Қазақстан Республикасы Мәдениет және Өнер саласындағы “ҰМАЙ” тұңғыш ұлттық сыйлығын иеленді. Айта кетейік, Түркістан музыкалық драма театрының үздік қойылымдары Елорданың төрінде апта бойы сахналанады.