Ауғанстанда билікті басып алған радикалды "Талибан" қозғалысы жаңа үкімет құрамын жариялады. Қозғалыс жетекшісі 60 жастағы Хайбатулла Ахундзада мемлекет басшысы болып танылды. Оның 2 орынбасарының бірі болып тәліптердің саяси кеңсесінің жетекшісі болған Абдул Гани Барадар бекітілді. Еске салайық, ауған билігін басып алған тәліптер жаңа үкіметті жасақтауды екі апта бұрын бастаған. Олар Үкімет халықтың барлық тобын қамтитындай етіліп құрылатынын хабарлаған еді. Бірақ оның құрамына бір де бір әйел кірмеген.