Парламент Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков өңір жастарымен кездесу өткізді. Басқосуда аудан мен қалалардан келген белсенді жастар көкейтесті мәселелерді көтерді. Олар әсіресе, мемлекеттік бағдарламаға қатысты бірнеше ұсыныс айтты. Мәселен, Бәйдібек ауданы жастарының өкілі 5 пайыздық несиені географиялық ерекшелігіне қарай бөлуді ұсынды. Нақтырақ айтсақ, жайылым жері кең аудан тұрғындарына мал шаруашылығы үшін, ал тапшы өңірлерге өзге салаларға беру керектігін айтты.