Бұқараның назарына ұсынылған әр сөзден қате кезікпесе де, соңғы кездері мекеме атаулары мен жарнама мәтіндеріндегі сауатсыздық көзге ұрып тұрады. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» атты семинарда айтылды. Кәсіп иелеріне қанша мәрте ескерту айтылса да құлақ аспайтын көрінеді. Сондықтан өңіріміздегі сала мамандары олқылықтың орнын толтырмаққа жаңа жоба ойлап тауыпты. Толығырақ тілшіміз баяндайды.