Елімізде соңғы жылдары 300 адам үйдегі зорлық-зомбылықтың салдарынан көз жұмған. Ал, денсаулығына зиян келгендердің саны 800-ден асады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде мәлімдеді. Отырыста, одан бөлек қоғамдағы белең алып бара жатқан қылмыстар аталып, біршама мәселелер талқыланды. Толығырақ тілшіміз тарқатады.