Шілде айынан бастап елімізде коммуналдық қызметтердің тарифі өседі. Биыл қолға алынған тарифті инвестицияға айырбастау жобасы өңірдегі электр қуатымен қамтамасыз ету және су құбыры, жылу желілерінің тозу деңгейін төмендетуге бағытталып отыр. Нақтырақ айтсақ, жаңа тариф саясатына көшу коммуналдық желілердің тозуын азайтып, жұмысшылар жалақысының өсуіне мүмкіндік бермек. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық Экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ақтілеу Бекмұратов мәлімдеді.