Түркістан
EN

Депутаттар каникулға кетті

91
30.06.2023

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылды. Қос палата отырысына Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Үкімет мүшелері қатысты. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, бірінші сессия небәрі 100 күнге созылғанын, десе де атқарылған міндеттер бойынша бұл сессияның жұмысы өте маңызды әрі мазмұнды болғанын атап өтті.