Түркістан
EN

Мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековке 90 жыл

586
09.09.2021

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 90 жыл. Осыған орай бүгін Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханасында дөңгелек үстел өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері мен тұлғаның ұрпақтары, сондай-ақ кітапхана оқырмандары қатысты. Шараның басты мақсаты – саналы ғұмырын қазақ тұрмысында қолданылған жәдігерлерді тірнектеп жинауға арнаған этнограф ғалымның артында қалған ұлттық мұрасын бүгінгі ұрпаққа дәріптеу.  Айта кету керек, Өзбекәлі Жәнібеков – халқын Ұлыстың ұлы күніме қайта қауыштырып, елімізде алғаш музей ашқан бірегей тұлға.