Шетелдік көліктерді заңдастыруға берілген мерзім аяқталуға жақын қалды. Осы уақыт аралығында Түркістан облысындағы қанша тұрғын өтініш беріп үлгерді? Кері қайтарылғаны көп пе? Заңдастыруға өтініш беріп үлгермегендер қайтпек? Осы сұрақтардың жауабын іздеген тілшіміз Бақдәулет Анарбай халыққа қызмет көрсету орталығына арнайы барған еді.