Түркістан
EN

92 адам астан уланды

180
29.06.2023

Кентаудағы дәмханалардың бірінде тамақтан уланған 95 адам тіркелді. Оның 41-і - бала. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Искаков айтты. Спикердің мәлімдеуінше, 27 маусым күні Кентау қаласында «Ризық-Рауаны» фаст-фуд қоғамдық тамақтану орнындағы азаматтардың жаппай тамақтан улану дерегі тіркелген. Аталған жағдай негізінде 28 маусым күні Кентау қалалық полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша қылмыстық іс қозғалды.