3 402 жасөспірім. Жыл басынан бері осынша бала түнде көшеде жүрген. Және кәмелетке толмаған 142 бала ойын-сауық орындарына болған. Мұндай деректер «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» және «Жасөспірім және жауапкершілік» атты жедел профилактикалық іс шаралары барысында анықталған. Бұл туралы бүгін «Жазғы демалыстағы балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында өткен брифингте Түркістан облыстық полиция департаменті мамандары баяндады.