Түркістан
EN

Туристер саны артқан

66
29.06.2023

Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркінде жаңартылған «Сайрамсу аңыздары» туристік бағыт таныстырылды. Батыс Тянь-Шань тауларының бірегей табиғатын таныстыруға негізделген бағытты саяхаттаушы шамамен алты-сегіз сағатта жүріп өтеді. Жол бойында 2,5 мың метр биіктікте орналасқан аумақта бірден екі көлді көріп, жан-жануардың 60-қа тарта түрін кездестіруге болады. Қызыл кітапқа енген шырша ағаштары мен өсімдіктер де бар. Туристерді қызықтырған жаңа бағытты тілшілеріміз  де көріп қайтқан болатын.