Түркістан
EN

Түркістан облысының әкімі есеп берді: "Ауыл аманаты" жобасы

257
27.06.2023

Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан "Ауыл аманаты" жобасы аясында жаңа бағыт іске қосылды. Бұған дейін шаруалар өсімдік, құс, балық және мал шаруашылығы үшін жеңілдетілген несие ала алатын еді. Енді жергілікті биліктің шешімімен тұрғындардың өз кәсібін ашуына мүмкіндік туып отыр. Мәселен, жеңілдетілген қаржы алған тұрғындар өңдеуге бағытталған кәсіпорын ашуға, қызмет көрсету саласында жеке кәсіп ашуына болады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ол үшін шетелдік тәжірбиені жан-жақты зерттеп, шешім қабылданғанын айтты. Айта кетейік, "Ауыл аманаты" жобасына 20 млрд.теңге қаражат бөлінген. Пилоттық жобаға облыстағы 64 ауылдық округ қатысады. Нәтижесінде, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, осы жобаға қатысқан отбасылардың орташа табысы 1,5 есеге өседі деп көзделіп отыр.