Түркістан облысына соңғы 5 жылда 3 трлн. теңге инвестиция тартылған. Оның негізгі бағыты - туризм саласы. Оның 1,9 трлн. теңгесі шетелдік ивесторлардың есебінен. Инвестиция тартылған нысандардың ең ауқымдылары Керуен сарай, халықаралық әуежай және қонақ үйлер. Сондай-ақ инвестицияны емдеу-сауықтыру орталықтарына да тарту көзделіп отыр.