Түркістан облысы - экономикасы қарқынды дамыған аймақ. Соңғы 5 жылда өңір экономикасы 2 есе ұлғайып, 3,5 трлн. теңгеге жеткен. Ал облыстың өнеркәсіп орындары 867 млрд теңгеге тауар өндірді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифингінде баяндады. Сондай-ақ өңір басшысы облыста кәсіпорындардың көбейуіне қолайлы жағдай жасалып отырғандығын айтады. Нәтежиесінде 2018-2022 жылдары индустрияландыру картасы аясында 56 млрд. теңгеге 43 жоба іске асырылып, 2 834 жұмыс орны ашылды. Ал биыл алғашқы 5 айда кәсіпорындардың өнім көлемі 367 млрд. теңгеге жетті.