Түркістан
EN

Құрбан шалу ережесін сайттан таба аласыз

81
26.06.2023

Биыл Құрбан айт мерекесі 28-маусым күні басталады. Ал, құрбан шалуға ниетті азаматтар оның ережесімен сайт арқылы таныса алады. qurban2023.kz порталында құрбандық ретінде сойылатын малға қатысты барлық сауалға жауап дайын. Сондай-ақ сойылған малдың етін алғысы келетін мұқтаж жандар да осы жерден өтініш бере алады. Оларды тұрғылықты адресі бойынша әр аймақтың имамдары мақұлдайды. Жиында облысымыздың бас имамы мен, басқа да діни сарапшылар құрбан шалуға қатысты ережелерді егжей-тегжейлі түсіндірді.