Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 700-ден астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетсек, 19-25 маусым аралығында аймақта "Заңсыз келуші" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шара аясында полиция қызметкерлері Сайрам ауданында көші-қон заңын бұзғаны үшін 8 жеңіл жүрісті қызды, яғни Өзбекстан Республикасының азаматтарын сот шешімімен елден шығарды. Сондай-ақ, Келес ауданында уәкілетті органның рұқсатынсыз құрылыс жұмыстарымен заңсыз айналысқан көрші мемлекеттің 15 азаматы анықталды.