Ауған соғысы ардагерлерінің бірыңғай республикалық ұйымы құрылды. Бұған дейін тек ауданаралық деңгейде бас қосып келген ардагерлер енді жалпы ел көлемінде жұмыс істемек. Сондай-ақ жиында Ауғанстан соғысы ардагерлері мен мүгедектері республикалық ұйымының ережесі де таныстырылды. Басты бағыты – аға буын өкілдерінің әлеуметтік мүддесін қорғап, соғыс және еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер жағдайын құзыретті орындарға жеткізу. Әсіресе, бірінші кезекте Екінші дүниежүзілік соғысы мен тыл ардагерлері медициналық қызмет көрсету, санаторлық-курорттық емдеу, дәрімен қамтамасыз ету мәселелеріне мұқият көңіл бөлу жағы қолға алынбақ.