Түркістанда Түркияның консулдығы ашылады. Бауырлас мемлекет елшілігінің ашылуы осы жылдың қазанына жоспарланған. Бұл жайында рухани шаһарға жұмыс сапарымен келген Түркияның Қазақстандағы елшісі Мұстафа Капуджу мәлімдеді. Төтенше жағдайдағы әрі өкілетті елші Қожа Ахмет Ясауи атындағы университеттің оқу базасымен танысты. Білім ошағындағы ұстаздар қауымымен жүздесті. Елшінің айтуынша, консулдықтың ашылуы екі мемлекеттің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың нығаюына сеп болмақ. Айта кетейік, бұл - Түркістанда ашылғалы жатқан тұңғыш елшілік.